Мазмұнға өту

Internet Movie Database

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
The Internet Movie Database
логотипі
URL

imdb.com

Коммерциялық

иә

Сайттың түрі

Фильмдер, телебағдарламалар және компьютерлік ойындар туралы деректер базасы

Тіркелу

Ақпаратпен танысу үшін міндетті емес, бірақ ақпарат қосу, өңдеу, пікірлер мен бағалар үшін міндетті

Тіл(дер)і

ағылшынша

Иесі

Amazon.com

Авторы

Кол Нидхэм

Ашылған уақыты

1990 жылдың 17 қазаны

Қазіргі статусы

белсенді

Internet Movie Database (IMDb, аударғанда ағылш.«Интернеттегі фильмдер дерекқоры») — әлемде кинематограф туралы ең ірі дерекқор және веб-сайт.

Сайтта фильмдер, телехикаялар, подкасттар, бейнеойындар мен стримингтік контент туралы ақпарат жинақталған. Мұнда актерлік құрам мен түсірілім тобы, өмірбаяндар, сюжет мазмұны, қызықты деректер, рейтингтер, сондай-ақ көрермендер мен сыншылардың пікірлері қамтылған.

2025 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, дерекқорда шамамен 25,9 миллион туынды және 14,8 миллион адам туралы жазба жинақталған.[1][2]

IMDb ең танымал мүмкіндіктерінің бірі — онлайн дауыс беру. Сайттың кез келген тіркелген қолданушысы фильмдерге 1 («ең нашар») мен 10 («жауһар») балл аралығында баға беріп, олардың рейтингіне әсер ете алады. Осы дауыстардың негізінде IMDb келушілерінің пікірі бойынша «Барлық уақыттағы ең үздік 250 фильм» және «100 нашар фильм» тізімдері түзіледі.

Үздік 250 фильм рейтингін жасау кезінде барлық қолданушының дауысы ескеріле бермейді. Бұл — дауыс санын қолдан көбейту әрекеттерінің алдын алу үшін жасалған шара. Атап айтқанда, мұнда тек сайтта тұрақты түрде дауыс беріп жүрген белсенді қатысушылардың таңдауы ғана есепке алынады.

Сондай-ақ, сайтта фильмдердің жанры, шыққан онжылдығы және басқа да санаттары бойынша бөлек рейтингтер бар.

IMDb нұсқасы бойынша ең үздік фильмдер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

2026 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша ең үздік 25 фильмнің тізімі:

  1. Шоушенктен қашу (Фрэнк Дарабонт, 1994) 10 жұлдыздың 9.2
  2. Өкіл әке (Фрэнсис Форд Коппола, 1972) 10 жұлдыздың 9.2
  3. Қара сері (Кристофер Нолан, 2008) 10 жұлдыздың 9.0
  4. Өкіл әке 2 (Фрэнсис Форд Коппола, 1974) 10 жұлдыздың 9.0
  5. 12 ашулы кісі (Сидни Люмет, 1957) 10 жұлдыздың 9.0
  6. Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы (Питер Джексон, 2003) 10 жұлдыздың 9.0
  7. Шиндлердің тізімі (Стивен Спилберг, 1993) 10 жұлдыздың 9.0
  8. Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы (Питер Джексон, 2001) 10 жұлдыздың 8.8
  9. Қойыртпақ шығарма (Квентин Тарантино, 1994) 10 жұлдыздың 8.8
  10. Жақсы, жаман, жауыз (Серджо Леоне, 1966) 10 жұлдыздың 8.8
  11. Сақиналар әміршісі: Екі қамал (Питер Джексон, 2002) 10 жұлдыздың 8.8
  12. Форрест Гамп (Роберт Земекис, 1994) 10 жұлдыздың 8.8
  13. Төбелес клубы (Дэвид Финчер, 1999) 10 жұлдыздың 8.8
  14. Бастау (Кристофер Нолан, 2010) 10 жұлдыздың 8.8
  15. Жұлдызды соғыстар: Эпизод V - Империяның кері соққысы (Ирвин Кершнер, 1980) 10 жұлдыздың 8.7
  16. Матрица (Лана және Лилли Вачовски, 1999) 10 жұлдыздың 8.7
  17. Жақсы жігіттер (Мартин Скорсезе, 1990) 10 жұлдыздың 8.7
  18. Интерстеллар (Кристофер Нолан, 2014) 10 жұлдыздың 8.7
  19. Көкектің ұясы (Милош Форман, 1975) 10 жұлдыздың 8.7
  20. Жеті (Дэвид Финчер, 1995) 10 жұлдыздың 8.6
  21. Бұл ғажайып өмір (Фрэнк Капра, 1946) 10 жұлдыздың 8.6
  22. Қозылар үнсіздігі (Джонатан Демми, 1991) 10 жұлдыздың 8.6
  23. Жеті самурай (Акира Куросава, 1954) 10 жұлдыздың 8.6
  24. Қатардағы жауынгер Райанды құтқару (Стивен Спилберг, 1998) 10 жұлдыздың 8.6
  25. Жасыл миль (Фрэнк Дарабонт, 1999) 10 жұлдыздың 8.6

2026 жылғы 13 наурызындағы жағдай бойынша, жағдай бойынша, IMDb 13 санатты бақылайды:[1]

ТүріАталымдар саны
Фильм 731,089
Телесериал 292,960
Қысқаметражды фильм 1,115,960
Телесериал бөлімі (эпизод) 9,269,259
Шағын сериал (мини-сериал) 68,361
Телефильм 154,110
Телекөрсетілім (арнайы шығарылым) 57,261
Қысқаметражды телетуынды 10,938
Бейнеойын 46,122
Бейне (видео) 208,642
Музыкалық бейнебаян 211,726
Подкасттар сериясы 93,218
Подкаст бөлімі (эпизод) 14,800,235

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 Press Room. IMDb. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 сәуір 2022. Тексерілді, 11 мамыр 2022.
  2. Advanced search (ағыл.). Тексерілді, 18 қазан 2025.